• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2026

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады

43 рет
көрсетілді

Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қазақстан Құрлық әскерінің тәрбиелік және идеологиялық жұмысы жөніндегі бас қолбасшының орынбасары Арынғали Ақышев хабарлады, деп жазады Egemen.kz

«23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды. Әскери қызметші өткен жылдың сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған», деді ол.

Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Өскемен бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында.

Алматы облысында әскери қызметші атыс кезінде жараланды

Қайғылы оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, ал басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Суицидке бейім азаматтар әскерге қабылданбайды

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиғаның объективті әрі жан-жақты зерттелуі үшін министрліктің генерал-майоры Асқар Мұстабеков басқаратын комиссия жұмыс істеп жатыр.

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер басшылығы қаза тапқан сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Министрлік марқұмның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Алматы облысында оқу полигонында сарбазға оқ тиіп, жарақат алды