• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Қаңтар, 2026

Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

40 рет
көрсетілді

Елордада 10-11 қаңтар аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен еліміздің түрлі өңірлерінен келген тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет өнімдерін, ұн және сүт өнімдерін, наубайхана тауарларын, табиғи шырындар, тосап пен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 10 және 11 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Өтетін орны: «Keryen Joly» сауда орталығы, Алаш тасжолы, 35Б.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.