• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қаңтар, 2026

Қар мен жаңбыр: 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

10 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, жаңа жылдың алғашқы күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің солтүстік-батысында қалың қар жауады деп күтілсе, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.

Сондай-ақ республика аумағында тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр.

«Астанада – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Түнде ауа температурасы -10… -12 °C, күндіз -7…-9 °C. Алматыда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ. Түнде 0…+2 °C, күндіз 0…+2 °C. Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Түнде 0…-2 °C, күндіз +5…+7 °C», делінген хабарламада.