Ақтауда әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды. Салтанатты іс-шараға ТЖ министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Іс-шара барысында министр өрт-құтқару техникасының кілттерін табыстады.
Жаңа депо жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды. Ғимаратта жеке құрамға арналған үй-жайлар, оқу сыныптары, асхана, жабдық сақтау аймақтары мен техникаға арналған бокс, сондай-ақ «Batyr team» workout алаңы қарастырылған.
Бөлімше жалпы саны шамамен 40 мың адам тұратын Ақтаудың төменгі, Приморский шағын аудандарына, Өмірзақ ауылына, өнеркәсіптік аймақтар мен жағалаудағы аумақтарға қызмет көрсететін болады.