• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 13:20

Инвесторлар отандық футбол клубтарына қызығушылық таныта бастады

90 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясы кәсіби жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр  «Түйін» ақпараттық-талдамалық бағдарламасына сұхбат беріп, ел футболының 2025-2030 жылдарға арналған даму бағытын сөз етті, деп жазады Egemen.kz.

Қазір елімізде 32 кәсіби футбол клубы бар, олардың 35 пайызы жеке меншікке тиесілі. 

Бақытжан Пазылхайырдың айтуынша, қазақстандық футбол клубтарды жекешелендіру ісі қарқын алған. Биылдың өзінде 4 футбол клубы жекенің басқаруына берілген. 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес ұйымы Freedom Finance Қарағандының «Шахтер» клубына жаңа стадион салып, академия ашуға қызығушылық білдіргенін мәлімдеген болатын. 

Сергей Канға тиесілі «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» Петропавлдың «Қызыл-Жар» клубына қызығушылық танытса, Михаил Ломтадзе тең иелік ететін Kaspi Group Астананың «Жеңіс» клубын сатып алуды көздеп отыр.

«Жақында Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы жеке кәсіпкерге берілді. Инвестор екі жыл ішінде 12 миллиард теңгеге жаңа академия салуға міндеттеме алды. Негізгі назар балалар футболына және жаттықтырушыларды даярлауға аударылады. Сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе» футбол клубының жеке меншікке өтетінін мәлімдеді», деді Бақытжан Пазылхайыр.

Ол футбол клубтарын жекешелендіру ел футболына серпін беретініне назар аударып, ҚФФ 2025-2030 жылдарға арналған 11 бағыттағы даму стратегиясын бекітін айтты.