• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:00

Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 9500 шақырымы түрлі жөндеумен қамтылды

20 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңындағы баспасөз конференциясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Нақты атағанда, осы жылғы жол-құрылыс маусымында 9500 шақырым республикалық маңызы бар автожолдардан – 2900 шақырым жолда қайта жаңарту және құрылыс жобалары, 460 шақырым жолда күрделі жөндеу, 5100 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жыл басталғалы 2 мың шақырымда жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілген.

Спикердің айтуынша, биылға жоспарланған маңызды жобалардың бірі – «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, 415 шақырым жолда қозғалыс ашылып отыр.  

«Қараша айының басында Ақтөбе облысында I санаттағы «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» учаскесінің 28 шақырымдық бөлігін ашамыз. Қызылорда облысында II санаттағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолының ұзындығы 192 шақырымдық учаскесі пайдалануға беріледі. Ал Ұлытау облысында «Қызылорда-Жезқазған» жобасы аясында 40 шақырым жол салынды», деді Д.Иманашев.

Сондай-ақ, Алматы облысында ұзындығы 67 шақырымды құрайтын I санаттағы «Құрты-Қапшағай» учаскесінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілмек.