22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамуда.
Табысты өзара іс-қимыл - екі ел көшбасшылары арасындағы достық қарым-қатынастың нәтижесі. Бұған дәлел - Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға өткен жылғы мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге 12 қарашада жоспарланған мемлекеттік сапары.
Біздің ортақ көпғасырлық тарихымыз, географиялық, рухани жақындығымыз және өзара сеніміміз елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың бірегей артықшылығы мен кепілі.