• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 10:33

Жетісайда қауын пісті: Шаруалар егістіктен 65 тонна өнім жинады

30 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қауын өнімін жинай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әл-Фараби» шаруа қожалығы егістіктен 65 тонна қауын жинады. Алғашқы өнімін жинаған диқандар биыл егіс алқаптарына судың тұрақты жеткізілгеніне риза. 

«20 гектар жерге қауын ектік. Су жеткілікті болды, ешқандай тапшылық көрген жоқпыз. Су үздіксіз берілді. Уақытылы суарудың арқасында мол әрі ерте өнім алып отырмыз», дейді шаруа қожалықтың төрағасы Әл-Фараби Анарбайұлы. Жыл басынан бері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 млрд текше метрден астам су берілген. Оның 293 млн текше метрі Жетісай ауданына тиесілі. Ауданда бақша дақылдарын суаруға 49 млн текше метр су жіберілді. Қазір бақша дақылдарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.   Айта кетейік, биыл шаруалар үшін дизель отынының бағасы литріне 263 теңге деңгейінде бекітілді. Алайда түпкілікті бағаны өңірлік операторлар анықтайды, ол литріне 281 теңгені құрайды.
Соңғы жаңалықтар