Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мағжан Жанботаұлы Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.