«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Астана қаласының айналма жолындағы маңызды учаскенің уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
2026 жылғы 3 мамыр мен 13 мамыр аралығында «Астана қаласының айналма жолының» (KZ 01-01) бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарына байланысты Балқарағай демалыс аймағының бұрылысынан бастап, Павлодар бағытына шығатын көлік айрығына дейінгі аралықта қозғалыс толықтай тоқтатылады. Жабылатын учаскенің ұзындығы – 8 шақырым.
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Жолшылар жол негізіндегі ақауларды жойып, екі қабатты асфальтбетон төсейді. Жұмысқа 66 бірлік арнайы техника мен 25 жұмысшы жұмылдырылған.
Жүргізушілер назарына: Төменгі және жоғарғы асфальт қабаттарын төсеу арасындағы технологиялық үзіліс кезінде жол уақытша ашылуы мүмкін. Дегенмен, сапарды алдын ала жоспарлап, 1403 байланыс орталығы арқылы ақпаратты нақтылап отыру ұсынылады.
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?