Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына, сондай-ақ Алғысына үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар және мемлекеттік органдар ұсына алады.
Негізгі талаптар мен мерзімдер:
Үміткерлерден 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтінімдер 2026 жылғы 10 маусымға дейін қабылданады.