Ыстамбұлдың Чекмекей ауданында жолаушылар автобусы қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қатты соқтығыс салдарынан бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жолаушылар автобусы алдымен тұрақта тұрған бірнеше таксиге және жүк көлігіне соғылған. Одан кейін инерциямен автобус аялдамасына кіріп кеткен.
Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы мен аялдама маңында тұрған адамдар жарақат алған. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру, құтқару және медициналық жедел жәрдем бригадалары жетіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.