Көпбейінді облыстық ауруханада Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай салмағы 6 келі 500 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дәрігерлер нәрестенің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем қабылдағанын айтты. Қазір анасы мен алып баланың денсаулығы тұрақты. Жақын күндері атасы Қуанышбек деген есім берген кішкентай үйіне шығады.
Облыстық көпбейінді ауруханада өткен жылы 70 орындық перинаталдық бөлім ашылып, бұл бағытта жұмыс істеп келген жалғыз мекеме перинаталдық орталықтың жүктемесін азайтып отыр. Ал аурухананың акушерлік бөлімінде ашылғалы бері 3043 нәресте дүниеге келіпті. Олардың 1328-і Жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем алған.