• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:20

Астаналық дәрігер науқастарды алдап, 4 млн теңгені қалтасына басқан

10 рет
көрсетілді

Елордадағы бір емхананың  дәрігері алты науқасты мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға көмектесемін деп алдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, дәрігер өз қызметін тікелей жұмыс орнында ұсынған, алайда оның мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Науқастарды алдап 4 миллион теңгеден астам ақша алып, оны жеке шығындарына жұмсаған.

«Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді», деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енді.