Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктеме 35%-ға азайған. Бұл өз кезегінде алдағы уақтты қызметкерлер санын оңтайландыру мәселесін күн тәртібіне шығаруы мүмкін. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет брифингінде жаңа цифрлық сервис – жеке куәлікті онлайн қайта шығару кезіндегі фотосурет мәселесі көтерілді. Көптеген азаматтар үйден түскен фотоны жүйенің қабылдамайтынына шағымданған. Вице-министр бұл олқылықты мойындап, себебін түсіндірді:
«Қызмет қазір пилоттық форматта жұмыс істеп тұр. Фотосурет сапасын талдайтын жасанды интеллект моделі әлі де оқыту сатысында».
164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта онлайн өтініштердің тек 50%-ы ғана сәтті өтіп жатыр. Жүйені толық қалыпқа келтіру үшін тағы бірнеше ай қажет болуы мүмкін.
«Қазірдің өзінде 10-ға жуық маңызды мемлекеттік қызмет толық цифрландырылды. ХҚКО операторларына түсетін жүктеме өткен жылмен салыстырғанда 30-35%-ға төмендеді», деді ол.
ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?Қызметкерлерді қысқарту мәселесіне қатысты Ростислав Коняшкин нақты тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі сәтте қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығару жоспарда жоқ. Егер халықтың ХҚКО-ға бару көрсеткіші азая берсе, мемлекет штатты қысқарту мәселесіне қарастыруы мүмкін.