Шымкент қаласының Еңбекші ауданында пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында ықтимал жарылыс қаупі сейіліп, тілсіз жау толық жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына бірінші бөлімшелер келген кезде бір қабатты цех ішінде ашық жану және шатырдың жартылай құлауы байқалған.
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Өрт сөндірушілер жану аймағынан 5 оттегі баллонын және 1 газ баллонын алып шықты. Бұл әрекет цех ішіндегі ықтимал жарылыстың және одан да ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.