Қытай астанасы Бейжіңде «China Youth Smash 2025» турнирі мәреге жетті. Жарыста 19 жасқа дейінгі ойыншылар шеберлік байқасты.
Бақ сынаушылардың қатарында жастардың әлемдік рейтингінде жоғары сатыларға жайғасқан Ким Гаон (Оңтүстік Корея, №3), Ли Сынсу (Оңтүстік Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайпей, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15), басқа да танымал спортшылар болды.
Еліміздің намысын Алан Құрманғалиев қорғады. Рейтингте 9-орында тұрған қандасымыз Тайпей, Сингапур, Гонконг өкілдерімен бір топта өнер көрсетті. Олардың барлығын сыпыра ұтып, ширек финалда жастар арасындағы әлем, Азия чемпионы Ли Хеченмен (Қытай) күш сынасты. Аса шиеленісті өткен сайыс 4:3 есебімен Құрманғалиевтің пайдасына шешілді. Жартылай финалда Алан жастар арасында әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы Вен Жуйбойға (Қытай) жол берді – 0:4. Сөйтіп, жарысты қола медальмен қорытындылады.