• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қыркүйек, 2025

Айдарлыда жаңа спорт кешені ашылды

0 рет
көрсетілді

Жамбыл облысына қарасты шалғайдағы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ермек Карентаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Ауыл ақсақалдары спорт кешенінің лентасын қиып, жұртшылыққа ізгі тілектерін жеткізді.

«Бүгінгі күн – барша ауыл үшін тарихи сәт. Жаңа кешен – мемлекеттің қолдауының, ел бірлігінің және жастарға деген қамқорлықтың нақты көрінісі», – дейді Бөгенбай Бидасбаев.

Кешеннің құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жоба құны – 359,2 млн теңге. Екі қабатты ғимаратта ауыл балалары мен жасөспірімдері күрес, бокс, футбол, баскетбол және волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір Мойынқұмда 154 спорт нысаны бар: 3 спорт кешені, 1 орталық стадион, 32 спорт залы және 118 спорт алаңы. Жаңа кешеннің іске қосылуымен спорттық инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 76,2 пайызға жетті. Ал тұрғындардың 41,9 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады.

Жамбыл облысы