• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Шымкент тұрғыны туған інісіне бір бүйрегін сыйлады

20 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасында жергілікті трансплантолог дәрігерлер тобы 240- бүйрек трансплантациясын сәтті жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Науқас 23 жастағы жігіт. Оған 37 жастағы әпкесі бір бүйрегін сыйлады. Пациент 2022 жылдан бері созылмалы терминалды бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен нефролог дәрігердің бақылауында болған. Екі жыл бұрын оған бағдарламалық гемодиализ тағайындалды, Мамандар науқасты бір ай бойы отаға дайындап, жуырда бүйрек трансплантациясын жасады. Отадан кейін екеуі де бөлімшеге ауысып, бақылауға алынды. Қазіргі таңда жалпы палатада емдік шаралар жүріп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша Қазақстан жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру арқылы бүйрек трансплантациясын жүзеге асырып отырған алты елдің қатарына кіреді. Ол елдер АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Түркия және Үндістан. Міне солармен қатарлас біздің мемлекетте де трансплантология қарқынды даму үстінде. Медицинаның ең күрделі саласының алға озуына шымкенттік дәрігерлердің қосып жатқан үлесі де орасан зор екенін айта кеткен жөн.