• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:07

«Алматы марафоны» мәреге жетті

0 рет
көрсетілді

Жексенбіде «Алматы марафоны» өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста әлемнің 60-тан астам мемлекетінен келген 16 мыңнан аса қатысушы бақ сынады.

Жарыс жолына шық­­қандар ара­сын­­да жас бала да, егде тартқан қариялар да, кәсіп­қойлар мен әуесқой спортшылар да кездесті.

Әйелдер арасындағы марафонда Анас­тасия Деркачтың мерейі үстем болды. Желдей жүйткіп келе жатқан ресей­лік желаяқ тура мәреге жақын­дағанда сүрініп құлады. Жа­нында тұрған волонтер оған көмек беруге әрекет жасады. Бірақ Анастасия оны маңына жақындатпады. Себебі ондай сәтте спортшыға басқа біреу көмек көрсететін болса, онда ол жарыстан шеттеті­ле­ді. Сөйтті де өзі орнынан тұ­рып, мәре сызығын қиып өтті. Дер­качтың уақыты – 2 сағат 41 минут 24 секунд. Бұл – «Алматы марафонының» жаңа рекорды. Күміс жүлдені жеңімпаз­дың отандасы Елена Толстых жеңіп алса, Өзбекстанның өкілі Екатерина Тунгускова қола медальды иеленді.

Ерлердің жарысында Вита­лий Шафар шашасына шақ жұқтырмады. Украиналық марафоншы 42 шақырым 195 метрлік қашықтықты 2 сағат 19 минут 38 секундта жүгіріп өтті. Екінші, үшінші орын көр­шілес мемлекеттерден келген спортшыларға бұйырды. Жүлделердің иегерлері – қыр­ғызстандық Илья Тяпкин мен өзбекстандық Андрей Петров.

Жартылай марафонда (21 шақырым 97,5 метр) ерлер арасында Нұрсұлтан Кенешбеков (Қырғызстан) қарсылас шыдатпаса, әйелдердің бәсекесінде Айнұсқа Калидің (Қырғызстан) бағы жанды. 10 ша­қырымдық сайыста Нодирбек Муталипов (Өзбекстан) пен Жанна Мамажанова  (Қазақстан) жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар