• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым Бүгін, 10:57

Қонаевта жаңа сквер қолданысқа берілді

10 рет
көрсетілді

Қонаев қаласының 55 жылдығына орай айтулы шаралар жібін үзбей жалғасын табуда. Соның бірі әрі бірегейі қалалықтар мен қонақтардың көңілін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті жаңа сквер қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.

Демалыс аймағы Қойшыманов-Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 6527 шаршы метрді құрайды.

Аймақ толықтай көгалдандырылған, сәндік ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызылған, орындықтар, әткеншектер мен ландшафттық элементтер ретімен орналастырылып, көңіл тоғайтады. Кеңістік экологиялық, функционалдық және эстетикалық талаптарға сай жасақталуымен ерекшеленеді.

Мұндағы басты нысан – «Өмір ағашы» атты арт-нысан. Ол Алтын Адам киім үлгілерінің элементтері бейнеленген тас құрылым түрінде орындалған. Қасында осы бейнелердің тарихи маңызын баяндайтын QR-код орнатылған.

Мұнда жаяу жүргінші жолдары, фотоаймақтар, қоршау мен аркалық құрылымдар қарастырылған. Арнайы әзірленген тұжырымдамаға сәйкес, бұл жаңа кеңістік жай ғана демалыс орны емес, отбасылық серуен мен мәдени демалыстың мекеніне айналары анық.

Алматы облысы.