• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Кеше

ТМД елдері қаржылық барлау орталығын құрады

10 рет
көрсетілді

Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау халықаралық орталығын құру туралы келісімді ратификациялады. Бұл құжатқа 2023 жылғы 13 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісім аясында ТМД мемлекеттерінің қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы ынтымақтастықты жеңілдету үшін Халықаралық қаржылық барлау орталығы құрылады.

Жаңа орталық халықаралық ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істеп, қылмыскерлер қолданатын тенденциялар мен әдістерді, соның ішінде жаңа технологияларды зерттейді. Сонымен бірге анықталған қауіп-қатерлерге уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар