• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:40

Алматы облысында 3,5 млрд теңге алимент қарызы өтелді

10 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың сегіз айында 3,5 млрд теңге көлеміндегі алименттік берешек өтелді. Сонымен қатар қасақана төлемеген 50 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Оның ішінде 33 адам сотталып, 17 іс берешекті ерікті түрде өтеуіне байланысты тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, аудандық сот борышкер «А»-ны 2,1 млн теңге қарызы үшін бір жылға бостандығын шектеуге үкім шығарған. Ол екі жылдан астам уақыт бойы алимент төлемей келген.

«Сонымен қатар, алименттік қарыздарды өтеу үшін 4 жылжымайтын мүлік (жер телімдері, үйлер) тәркіленді. Мәселен, 5 млн теңге берешегі бар борышкер «И»-дің орнына сот орындаушысы Еңбекшіқазақ ауданындағы 100 шаршы метр тұрғын үйді өндіріп алды», делінген хабарламада.

Прокуратураның бастамасымен 169 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардың 108-і 5 тәулікке дейін қамауға алынған.