• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 11:37

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

10 рет
көрсетілді

Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағының негізгі бөлігінде әлі де Оңтүстік циклон ықпалы сақталады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік-шығыста нөсер жауын күтіліп отыр. Сонымен қатар, орталық пен солтүстік-шығыста бұршақ түсу ықтималдығы бар. Тек батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы орнайды.

Бүкіл республика аумағында желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөлігінде түнде ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендейді. Алматыда күндізгі ауа райы +18…+20°С шамасында болып, желдің екпіні 3-8 м/с деңгейінде болады.

Бұған қоса, Жетісу өңірінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, сондай-ақ Маңғыстау мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталатыны ескертілді.