• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:08

Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер зақымданды

30 рет
көрсетілді

Өткен түні Астана қаласы Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Өрт салдарынан 8 пәтер зақымданған. Қала әкімдігі, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды.

Штаб шешімімен зақымданған пәтер иелері уақытша қонақүйлерге орналастырылады. Өзге де тиісті көмек көрсетіледі. 

Бүлінген пәтерлерді жөндеу мен көппәтерлі үйдің сыртқы жабынын қалпына келтіру KaRima кафесі иелеріне жүктеледі. 

Қалалық ТЖД өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады. Ал өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары басталған.