• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:12

Ауыр жарақат алған Темірлан Анарбеков алдағы ойындарға қатыспайды

30 рет
көрсетілді

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің төменгі жақ сүйегі сынып, алдағы ойындарда алаңға шыға алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Алдын ала қойылған диагноз - төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, алдағы кездесулерге қатыса алмайды», деді клубтың медиа-офицері  Арман Жақсығұлов.

Анарбеков ел біріншілігінің 23-туры аясында «Ақтөбеге» қарсы ойында жарақат алған болатын. Кездесудің 10-минутында айып добынан кейін ол қонақ команданың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып шықты.