• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:09

Астанада көмірдің орташа бағасы қанша?

40 рет
көрсетілді

Елордада көмір сатуға арналған 17 қойманың 14-і халыққа қызмет көрсетіп отыр. Барлық сату орындары тиеу-түсіру техникасымен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, көмір сату орындарында 8 жеткізуші компания өз қызметін көрсетеді. Олар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал, 28/2; Мақат, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Ахмет Жұбанов көшесі, 35; Дулатов көшесі, 182/1; 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А; Герцен көшесі, 6Б.

Қазіргі уақытта Астанада көмір бағасы орта есеппен мынадай деңгейде:

Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна; Қаражыра – 18 500 теңге/тонна; Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.