Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биылғы Жолдауда көтерілген мәселелердің ішінде ең маңызды месседж – парламенттік реформа екені анық. Әрине, Президент саяси реформаларды әуелі өзінен бастады, оңтайлы өзгерістерді жүзеге асыруда өнеге көрсетті. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады. Сондықтан бұл – Сенат спикері Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Қасым-Жомарт Кемелұлы жүргізіп келе жатқан Әділетті Қазақстан құру бастамасының логикалық жалғасы іспетті», – деді Дархан Қыдырәлі.
Сенатордың айтуынша, реформалардың пәрменді жалғасуы үшін жеке бастың емес, ұлттық мүддені жоғары қою, мемлекетшілдік таныту қажет.
«Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдаймыз», – деп түйіндеді ол.