• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 12:15

Смарт-карго жүйесі қазанда іске қосылады

30 рет
көрсетілді

Президент бүгінгі Жолдауында жүк тасымалы саласындағы рәсімдерді цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Ол шекара бекеттерінде интернеттің сапасы төмен екенін, рәсімдердің әлі де қағазбен жүргізілетінін сынға алды, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні пайдалана отырып, тасымалды басқарудың кешенді цифрлық платформасын енгізу қажеттігін айтты. Осы мақсатта қазанда смарт-карго жүйесі іске қосылмақ.

«Бұл жұмысты тездетіп аяқтау қажет. Қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Смарт-карго бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосқан жөн. Бұл жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді. Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр. Биыл 8 бекет толығымен іске қосылады. Алдағы үш жылда тағы 34 бекет жаңарады», деді ол.