• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 31 Тамыз, 2025

20 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

110 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында жаңа оқу жылында 20 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтің айтуынша, жаңа оқу жылында өңірдегі 523 орта білім беруі ұйымында 247 мыңнан астам білім алушы мектепке келеді. Олардың 20 мыңға жуығы 1 сыныпқа барады.

Қазіргі таңда өңірдегі 1 291 білім мекемесінде 338 мыңнан астам бала мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік біліммен қамтылып, 40 мыңға жуық педагог қызмет атқаруда. Биыл білім беру саласын дамытуға 344,3 млрд теңге бөлінген.

Облыстағы 621 балабақшада 63 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. 2-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы – 96,1 пайыз, ал 3-6 жас аралығында – 100 пайыз. Қамту үлесін арттыру үшін биыл 1 628 орындық 18 жекеменшік балабақша іске қосылады.

Осы жылы өңірде 26 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 10 жаңа мектеп пен 5 қосалқы ғимарат пайдалануға беріледі. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қордай ауданының Қаракемер және Қарасу ауылдарында 300 орындық, ал Тараз қаласында 600 орындық мектеп ашылады.Сонымен қатар 1 қыркүйекте 4 тозығы жеткен мектептің орнына жаңа ғимарат пайдалануға берілмек.

Жалпы 16 нысан күрделі, 41 нысан орташа жөндеуден өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үш жыл ішінде облыстағы 66 мектеп жаңартылады. Биылдың өзінде 10 білім ошағы қайта жаңғырады.

Жамбыл облысы

 

Соңғы жаңалықтар