• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құқық Бүгін, 08:45

Конституциялық сот өкілдері тренинг өткізді

30 рет
көрсетілді

Кеше «Қазақ газет­тері» ұжымына Консти­ту­циялық сот өкілдері арнайы тренинг өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Конституциялық соттың кейінгі жылдарда атқарған жұмыстарын таныстырды.

Іс-шара аясында алғашқы сөзді алған «Қазақ газеттері» серік­тестігі бас директорының орынбасары Қамбар Ахмет жиынға қатысушыларға бұл іс-шараның маңызын түсіндіріп, еліміздегі бірнеше іргелі басылымның басын қосып отырған ұжым мен Конституциялық сот арасында меморандумға қол қойылға­нын, мұндай әріптестік байланыс Бас редакторлар клубы­ның президенті, Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбайдың бастамасымен жүзеге асқанын, бүгінгі жиын Конституциялық соттың қызметі жөнінде кеңірек ақпарат алуға мүмкіндік туғызатынын жеткізді.

Бас редакторлар клубының атқарушы директоры Бибігүл Құламан Конституциялық сот пен Бас редакторлар клубы ара­сын­дағы байланыстың нәтиже­сін­де журналистерге қажетті тре­­­нинг­терді әр ұжымға барып өт­­кізуге қол жеткізілгенін мәлім­деді.

«Бұған дейін көп жағдайда журналистер тренингке өздері барып жататын. Десе де, жұмыс барысы қарбалас болғандық­тан, тілшілеріміздің барлығын бірден тренингке жібере алмайтынбыз. Әрине, тілшілердің білімін жетілдіру – бәрімізге ортақ міндет. Сондықтан да біз өз аяғымызбен келіп, журналистермен жиын өткізуді қолға алып жатырмыз», деді Б.Құламан.

Ал Конституциялық сот аппара­ты Өтініштерді бастапқы қарау бө­лі­мінің басшысы Салтанат Нұрым­бетова 2022 жылы елімізде консти­­туция­лық реформа жасалып, Конс­ти­туция­лық сот құрыл­ғанын, 2023 жыл­дың қаңтар айынан бері консти­ту­циялық бақылау органы Конс­титуцияға сәйкес емес қандай нор­маларды анықтағанын, қазір Конс­титуциялық сотқа билік өкілдері ғана емес, қарапайым азаматтар да өтінішпен қайыры­ла алатынын, тілшілердің Консти­туциялық сот туралы жазарда қандай мәселелерге мән беру керектігін түсіндірді.

«Біздің басты мақсатымыз – Ата заңымыздың, яғни Консти­ту­цияның үстемдігін қамтамасыз ету. Яғни еліміздегі бүкіл заңдар, өзге де нормативтік актілер Конс­ти­туцияға сәйкес келуі және оған қайшы болмауға тиіс. Сондық­тан да осы бағыттағы жұмыстар­ды бұ­қараға насихаттау – бәрімізге ортақ іс», деді Салтанат Мұсабекқызы.

Конституциялық сот талдау­шысы Назгүл Тұяқбай Конс­ти­туциялық сотқа түскен өтінім­дердің қалай қаралатынын, бұл органға қарапайым азаматтар қандай негізде жүгіне алатынын журналистерге әңгімелеп берді.