• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 16:50

АҚШ-тағы әйгілі жанартау қайта атқылай бастады

30 рет
көрсетілді

Гавайи аралындағы әлемге әйгілі Килауэа жанартауы қайтадан атқылай бастады. Лаваның биіктігі 30 метрден асып, сейсмикалық толқындар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 22 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 14:04-те Килауэа жанартауы белсенділігін күшейтіп, жаңа атқылау кезеңі басталған. Бұл – 31-ші тіркелген эпизод.

Лаваның биіктігі 30 метрден асады;

Солтүстік жерле маңында жер асты дүмпулері сезілуде;

Атқылау бірнеше сағат бойы жалғасып жатыр.

Килауэа жанартауы Гавайи аралында (Большой остров) орналасқан. Ол – Жер шарындағы ең белсенді вулкандардың бірі. Ғалымдардың айтуынша, Килауэа бірнеше ондаған жылдар бойы дерлік үздіксіз атқылап келеді.

Гавай халқы бұл жанартауды от пен лаваның құдайы – Пеле есімімен байланыстырады. Жергілікті мифологияда Пеле «от сақтаушысы» әрі аралдың қорғаушысы ретінде құрметтеледі.