• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 11:18

Елімізде күнбағыс майының өндірісі 24,9% артты

20 рет
көрсетілді

2025 жылдың алғашқы 7 айында елімізде 365,4 мың тонна күнбағыс майы (тазартылмаған) өндірілген, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9% көп.Ал жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майының экспорты жалпы алғанда 46,2% өскен. Отандық күнбағыс майын негізінен Ресей мен Қытай сатып алады, сонымен қатар ол Қырғызстан, Беларусь, Украина, Германия және Францияға жеткізіледі.Республика бойынша күнбағыс майының орташа бағасы литріне 832 теңге. Ең төмен орташа баға Түркістанда тіркелген – 745 тг/л, ал ең жоғарысы Жезқазғанда, онда бір литр өнімнің орташа бағасы 928 теңге (12.08.2025 ж. жағдай бойынша).