Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Кенжеғалы ауылында қайғылы жағдай орын алды , деп хабарлайды Egemen.kz.
17 жастағы мектеп оқушысы өзіне қол салды. Алдын ала болжам бойынша, ол аулада турникке асылып қалған.
Дүйсенбі күні, 18 тамыз таңертең жасөспірімнің әкесі аулаға шығып, ұлын турникке асулы күйде көрген. Туыстарының айтуынша, ол тыныш мінезді бала болған, жақындарымен жанжалдаспаған. Мұндай қадамға оны не итермелегенін олар түсіне алмай отыр.
«Кәмелетке толмағанның өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін полиция қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Марқұм жасөспірімнің отбасын танитындар оның артында өлер алдында хат қалдырмағанын айтады.