• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:40

Атырауда урбанистика орталығы ашылуы мүмкін

50 рет
көрсетілді

Атырау қаласында мұнай компаниясының демеушілігімен ашылған ретро саябақ бар. Енді урбанистика орталығын ашу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, мұнайлы шаһарға урбанистика орталығы қажет. Осы орайда орталық мамандарына бірнеше міндет жүктеледі.

«Орталықтың негізгі міндеті – қаладағы қоғамдық кеңістіктердің, соның ішінде саябақтардың, көшелер мен гүлзарлардың санын арттырып, шаһар кейпін жақсарту және дизайн-код енгізу. Урбанистика орталығы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жанынан құрылады. Орталықтың ұсыныстары жаңа нысандарды жобалау кезінде ескеріледі. Орталық жұмысына урбанистика саласының мамандары тартылады», дейді Серік Шәпкенов.