• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:28

Атырау облысында жол апатынан 49 адам көз жұмған

20 рет
көрсетілді

Атырау облысының аумағында жыл басынан бері 145 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының аға анықтаушысы Ержан Зиядимовтің айтуынша, жүргізушілер тарапынан жол ережесін, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері азаяр емес.

«Жыл басынан бері 145 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатының салдарынан 49 адам қаза тапты. Қазір бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғаларының бірнеше себебі бар. Біріншіден, жүргізушілер автокөлік жылдамдығын шамадан тыс асырады. Екіншіден, қарсы жолаққа шығады. Үшіншіден, жаяу жүргіншілерді арнайы жолақтан өткізбей қағып кетеді. Төртіншіден, маневр жасау ережелерін өрескел бұзады», деді Ержан Зиядимов.