• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:10

Қазақстандық 10 балуан Болгарияға аттанады

30 рет
көрсетілді

Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Байрақты бәсеке осы айдың 17-24 күндері аралығында өтеді. Qazsporttv мәліметінше халықаралық додада ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды:

Арсен Жұма (55 келі).

Саламат Мұратұлы (60 келі).

Дамир Ибрашов (63 келі).

Әлібек Тұрлығазы (67 келі).

Юсуф Ашрапов (72 келі).

Ақжан Ықыласов (77 келі).

Диас Сейітқалиев (82 келі).

Темірлан Тұрдақын (87 келі).

Нұрасыл Аманалы (97 келі).

Қуаныш Амангелді (130 келі).