• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:22

Бүгін Азия чемпионатының финалында 9 боксшымыз бақ сынайды

20 рет
көрсетілді

Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.

World Boxing ұйымы ұйытқы болған сайысқа 25 елден 396 боксшы қатысқан.

Бүгін шаршы алаңға алғаш болып көтерілген ең жеңіл салмақ 48 келіде Гүлназ Бөрібаева өзбекстандық Робияхон Бахтиеровадан 4: 1 есебімен басым түсті. 

70 келіде өнер көрсеткен Бақыт Сейдіш те  Өзбекстан өкілі Ойша Тоированы 5: 0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. 

Әйелдер сапынан Шұғыла Нәлібай қытайлық Зии Баоға есе жіберді. Бәсекені қарқынды бастаған Қытай қызы жекпе-жек тағдырын екінші раундта-ақ шешіп тастады. 80 келіден жоғары салмақта Әсел Тоқтасын - Ритикаға (Үндістан) қарсы жұдырықтасады.

Ал Азия чемпионатының финалына шыққан 5 ер боксшының да қарсыласы Өзбекстан боксшылары. 

Ерлер. 60 келі. Нұрислам Қалдыбаев - Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)Ерлер. 65 келі. Илья Калинин - Саят Ильясов (Өзбекстан)Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал - Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)Ерлер. 80 келі. Санжарәли Бегалиев - Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)Ерлер. 90 келі. Темірлан Мұкатаев - Шахзод Полвонов (Өзбекстан).