• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Абай Кеше

Абай – қазақ ұлтының ар-ожданы, сөз өнерінің шыңы жылдығымен құттықтады

30 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, қазақ халқының рухани шамшырағы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жерлестерін құттықтады.

«Құрметті жерлестер!

Сіздерді ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, халқымыздың рухани шамшырағы — Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Абай – қазақ ұлтының ар-ожданы, сөз өнерінің шыңы, адамгершілік пен парасаттылықтың символы. Оның мұрасы – мәңгілік. Абайдың әрбір өлеңі мен қара сөзі – ұлтты ұйыстыратын, адамзатты биік мақсаттарға жетелейтін рухани қазына.

Бүгінгі ұрпақ Абай ілімінен өнеге алып, оның рухани мұрасын жаңғырту арқылы елдік сананы күшейтіп келеді. Бұл – Абайға деген шынайы құрметтің белгісі.

Осы айтулы күнде баршаңызға денсаулық, береке, татулық және Абай аманатына адалдық тілеймін. Ұлы Абайдың сөзі – жүрегімізде, рухы – халқымен бірге мәңгі жасайды!», – делінген құттықтауда.