• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:21

Қазақ балуандары Польшадан алты жүлдемен оралды

20 рет
көрсетілді

Польшаның Варшавасында күрес түрлерінен «Ziolkowski, Pytlasinski, Poland Open» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жарыста Қазақстанның балуандары алты медаль жеңіп алды. Грек-рим күресі шеберлері арасынан финалға жалғыз Бақытжан Қабдыл (63 кг) жетті. Шешуші тұста ол қырғыз спортшысына ұтылып, күміс медальді иеленді. Сайфолла Құрман (63 кг), Диас Қалтай (82 кг) және Ерзат Ерланов (97 кг) қолаға қол созды.

Ал әйелдер күресінен өткен жарыста Елмира Сыздықова (76 кг) екінші орын алса, Зүлфия Яхьярова (55 кг) үшінші сатыға табан тіреді.