• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 17:27

Әзербайжанға бал мен балық экспортталады

50 рет
көрсетілді

Қазақстаннан Әзербайжанға балық пен балық өнімдерін және бал мен ара шаруашылығы өнімдерін экспорттауға арналған ветеринариялық сертификаттардың нысандарын келісу және парафирлеу жөнінде келісімге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Ветеринариялық сертификаттар нысандарын келісу – Әзербайжанның әлеуетті нарығына шығу, экспорттың географиялық ауқымын кеңейту және өнімнің халықаралық ветеринариялық талаптарға сәйкестігін дәлелдеу секілді жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің шетелдік елдермен аталған бағыттағы жүйелі жұмыстары жалғасады.

Министрліктің мәліметінше, аталған сертификаттар екі елдің уәкілетті ветеринариялық қызметтері арасындағы ресми келіссөздер барысында әзірленіп, мақұлданған. Бұл қадам – өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың нәтижесі және екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен ынтымақтастықты айғақтайды.