• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Шілде, 2025

Алматыда жас теннисшілерге арналған халықаралық іріктеу турнирі өтеді

30 рет
көрсетілді

4–9 тамыз күндері Алматы қаласында екінші рет Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia турнирінің іріктеу кезеңі  ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Додада Орталық және Батыс Азияның 16 жасқа дейінгі ең мықты 16 теннисшісі бақ сынайды.

Жарыс финалистері қазан айында Жапонияда өтетін турнирге жолдама алып, сол жерде 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне берілетін жалғыз жолдаманы жеңіп алуға тырысады.

Биылғы турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы және Түрікменстаннан келген жас спортшылар қатысады.

Қазақстан атынан беделді жарысқа Родион Трайгель, Мансұр Саинов, Ратмир Пулькевич, Аңсар Ниетқалиев, Даниэль Юрекли, Еркежан Жанатаева, Әдия Омарбек, Ляйсан Нұрышева, Каролина Лигай, Гаухар Ақтан, Зинира Жүнісова және София Малышева қатысады.

Соңғы жаңалықтар