• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Шілде, 2025

Жарыс күнделігі: UFC

30 рет
көрсетілді

Қазақтың танымал аралас жекпе-жек­ шебері Асу Алма­баев­ (22-3) Әбу-Да­биде ­ұй­ым­­­­­­дас­­ты­рыл­ған UFC on ABC 9 тур­нирі­нің­­де пе­руалық Хосе Очоа­мен (8–2) күш сынас­ты. Бәсеке ба­сынан ая­ғына дейін қан­да­сы­­мыздың ба­сым­ды­ғы­мен өтті. Төре­ші­лер бір­ауыздан біз­дің жігіт­тің мықтылығын мойын­дады. Жарыстың басты айқасында ни­дер­ландтық Ренье Де Риддер (20–2) Аустралияның арланы Роберт ­Уит­такерді (26–8) ұпай санымен ұтты.

Астанада дзюдо федерациясының кезекті конференция­сы өтті. Жиын бары­сында атақты балуан,­ Олимпия ойындары­ның күміс, әлем чем­пио­натының қола жүл­дегері Асхат Жит­кеев ұйымның вице-президенті болып та­ғайындалды. Бас хат­шылық қыз­мет­ке Тимур Болат тағайындалды. Тимур кезінде құрлықтық, халық­ара­лық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген еліміздің мықты дзю­до­шыларының бірі. Сонымен қатар жиында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Теннистен Астанада Президент кубогі басталды. ATP Challenger Tour мен ITF World Tennis Tour санатындағы жарыста бірқатар мемлекеттен келген спортшылар бақ сынайды. Олардың қатарында ұйымдастырушылар тарапынан Wild card-қа ие болған Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы бар. Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр, Даниэль Тазабеков іріктеу сынына қатысып жатыр. Футболдан еліміздің премьер-лигасының 18-тур ойындары мынадай нәтижелермен аяқталды: «Қайсар» – «Қызылжар» 1:0, «Тобыл» – «Қайрат» 1:3, «Елімай» – «Жетісу» 3:0, «Жеңіс» – «Оқжетпес» 0:0, «Тұран» – «Ордабасы» 0:4.