• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 12:40

Еуропа Ресеймен соғысқа дайындала бастады

60 рет
көрсетілді

Еуропа Ресеймен болуы мүмкін соғысқа алдын ала дайындықты бастап кетті. Енді Еуроодақ ескі жолдар мен көпірлерді жаңартып, әскери техника өткізуге ыңғайлы инфрақұрылым жасауды көздеп отыр. Бұл туралы ЕО-ның көлік жөніндегі комиссары Апостолос Цицикостас Financial Times газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Комиссардың айтуынша, қазір Еуропадағы көпірлер мен жолдардың көбі әскери техникаға арналмаған.

«Егер Ресеймен соғыс бола қалса, танк, техника мен ауыр көліктерді батыстан шығысқа апару қиын болады. Бізде жаңартуды қажет ететін ескі көпірлер, кеңейтілуі тиіс тар көпірлер және жаңадан салынуы қажет көпірлер бар», деді ол.

Сондықтан Еуроодақ Еуропаны шығыстан батысқа қосатын төрт негізгі бағыттағы 500 нысанды көпір мен жолды жаңғыртуды жоспарлап отыр. Мақсат әскери техниканы бірнеше апта емес, бірнеше сағатта жеткізе алу.

Бұл жұмыстарға 17 миллиард еуро бөлінбек. Дегенмен, Financial Times мәліметінше, бұл сома азаюы да мүмкін. Сонымен қатар, ЕО Украинаға берілетін көмекті 100 миллиард еуроға дейін көбейтуді жоспарлап отыр.