2025 жылғы 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талаптарын іске асырылады, деп жазады Egemen.kz
Аталған Заңның талаптары мемлекеттің жекелеген азаматтар санатына қатысты гуманизм актісін жасауға бағытталған.Рақымшылық Заң күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде қолданылады. Осы мерзім ішінде құқық қорғау және сот органдары рақымшылыққа жататын істерді қарап, тиісті шешім қабылдайды. Рақымшылық тізімінде 2025 жылғы 24 маусымға дейін жасалған құқықбұзушылықтар қаралып, төмендегі санаттарға қолданылады. - қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған;- залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған;- залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал тұлғалар түрмеден босатылады.