• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Шілде, 2025

Су саласы мамандарының жалақысы 50 пайызға артты

70 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов су шаруашылығы саласы мамандарының әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы мамандар деңгейіне дейін арттыру мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» заңға түзетулер әзірлеуді бастаған болатын. Маусым айында заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойған болатын.

Заңға сай 1 шілдеден бастап «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің еңбекақысы артты.Бұл қатарда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы артады. Аслан Абдраимовтың айтуынша, жалақы аймақтарға және статистикалық деректерге байланысты орта есеппен 35-50%-ға өскен.

Сондай-ақ, жыл басынан бері «Қазсушар» РМК-ның 279 маусымдық қызметкері тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. Жақын арада кәсіпорын штатына тағы 146 адам қабылданады. Осылайша, кәсіпорынның  425 маусымдық қызметкерлері тұрақты жұмыспен қамтылады.