Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласында жеке концерт береді. Ауқымды музыкалық шоу 2025 жылғы 5 қазанда әлемге әйгілі Madison Square Garden кешенінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ-тағы концерт жайлы ақпаратты әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.
Нью-Йоркте Димаш Құдайберген өзінің дүниежүзілік гастрольдік турының аясында дайындалған «Stranger» атты арнайы бағдарламасын ұсынады.
Айта кетейік, Madison Square Garden сахнасында осыған дейін Элвис Пресли, Майкл Джексон, Мадонна, Элтон Джон, Джастин Тимберлейк, Бейонсе, Тейлор Свифт, Леди Гага, The Rolling Stones сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.