• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Кеше

Сақ садағы

50 рет
көрсетілді

Ерте дәуірде, Азия құрлығында кезектесіп ұлыс құрған ғұндардан кейінгі түркі, ұйғыр, қимақ, қырғыз, моңғолдар өздерінің садағын ежелгі ғұн садағы негізінде дамытқан. Соның бірі – сақ садағы.

Ғұн садағына қарағанда сақ­тардыкі шағын әрі қысқа, жұмсақ болған­дық­тан, ат үстінен атуға қо­лайлы. Яғни сақтар ғұн сада­ғын кіші­рей­тіп жасау арқылы ат үс­тінен атуға ыңғайлы түрін дүниеге әкелген.

Сақ және ғұн садағының айыр­масы көп. Сақ садағының ұзын­­дығы 0,6–0,8 метр болса, ғұн садағы 1,2–1,6 метр. Басты айыр­машылығы –  сақ садағының сұғы қысқа, ғұн садағының сұғы ұзын болады. Ғұн садағы – сақ садағына қарағанда үлкен әрі қуатты.

Кейбір батыстық дереккөздер бұл садақты «скиф садағы» деп көр­сетеді. Құрылымы туралы қа­зақ қарутанушысы, этнограф Қалиолла Ахметжан садақ бір­неше бөлек материалдан құ­рас­­тырылып, олар тарамыспен бе­кі­тілген дейді. Яғни мұндай садақ әдеттегі жағдайда кері иі­ліп тұрады. Ал қолданған кезде серіп­­песі аса қуатты болған. ­Са­дақ­­тың ұзындығы шамамен 60–80 см, оғының ұзындығы ­60–70 см болғаны туралы жазады.

V–VІ ғасырларда дара ұлыс құ­рып, жұртты аузына қаратқан түркілер жасаған садақ та осы садақтың жалғасы. Түркілер са­дақтың серпіні қатты болу үшін ғұндардыкін сәл кішірейтіп, ат үстінен атуға ыңғайлап, уақыт өте келе садақтың сұғы мен иінінің де іші-сыртына және бауыр-жонына мүйіз жапсырма қаптап, жетілдіреді.

Оның сыртында көне түркілер темір қортумен айналысқанын білеміз. Соған қарағанда садақ жебелері темірден құйылып, жете жасалып түрленгені анық. Зерттеушілер түркі садағының ұзындығы 120-140 см, ең басты­сы, құрама – күрделі садақ пайда­лан­ғаны жайлы дерек келтіреді.

 

Соңғы жаңалықтар