• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 10:20

Биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағы сатып алынады

40 рет
көрсетілді

Еліміздегі көлік паркін жаңарту бағытында биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің сөзінше, биылғы жылы 11 мың шақырым автомобиль жолына құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, теміржол саласында «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» жаңа желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл желінің өткізу қабілетін арттырып, елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік бермек.  

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Сонымен қатар, көлік паркін жаңартуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта 2026 жылы 9 әуе кемесін сатып алу жоспарланған. Жыл басынан бері 3 ұшақ алынды: Air Astana – 1, SCAT Airlines – 2.

Енді Катонқарағайға ұшақпен жетесіз

Бұдан бөлек биыл жүк тасымалы саласында жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстарына ден қойылып отыр. Аталған шараларды іске асыру көлік саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар