15 сәуірден бастап Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты тексеріс жүргізіледі. Енді салық органдары азаматтардың жыл басынан бері жасаған барлық ақша аударымдары туралы мәліметтерді қарай бастайды. Бұл ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне екінші деңгейлі банктер ұсынуға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қарапайым тұрмыстық аударымдар тексеріс нысанына іліге бермейді. Мәселен, кофе не түскі ас үшін төлем жасау, достармен бірге жиналып ақша аудару немесе туған күнге қаражат жинау сияқты жағдайлар кәсіпкерлік белгісі ретінде қарастырылмайды. Ол үшін бірнеше нақты шарт қатар орындалуы керек.
Еліміздегі псевдопсихологтарға айыппұл енгізілуі мүмкін
Ал күмән тудырған қаржылық операциялар бойынша азаматтарға мамыр айында хабарлама жіберіледі. Сәуір айының соңына дейін салық органдары тексерілуі мүмкін тұлғалардың тізімін жасақтайды. Одан кейін азаматтарға аударымдардың мақсатын түсіндіру үшін 30 жұмыс күні беріледі.
Егер бұл ақша тауар немесе қызмет үшін төлем ретінде алынғаны және одан салық төленбегені анықталса, салық есептеледі немесе айыппұл салынады. Сонымен қатар мұндай азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етіледі.
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді